"Дикий Арманның" қаңтар оқиғасында атқарған "міндеті" қандай?

9 января 2023 г. 13:30 / Новости Казахстана

"Дикий Арман" атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қаңтар оқиғасында ҰҚК-дегі кураторының нұсқауымен атқарған жұмысы туралы Жақсыбек Құлекеев «Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес» кітабында көптеген деректерді жариялады, деп хабарлайды Arbat.media.

 Қаңтар оқиғасы туралы деректі кітап жазған белгілі мемлекет қайраткері Жақсыбек Құлекеев Алматыдағы бүлік кезінде көрінген Арман Жұмагелдиев туралы «Дүрбелең жасаған «Дикий Арман» деп арнайы бөлімде ол туралы кеңірек тоқталған. Автор қылмыс әлемінің өкілінің бұған дейін Түркияда болғанын, бірнеше жылдан бері ҰҚК қамқорлығы арқылы нұсқау арқылы көптеген тапсырмаларды атқарғанын айтады. Алматыдағы бүлік кезінде оның қандай міндет атқарғанына шолу жасайды.

Арман Жұмагелдиев 2016 жылдан бері ҰҚК бесінші басқармасының бұрынғы басшысы Руслан Ысқақовтың бақылауында болған қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Оның ұйымдасқан қылмыстық тобына ҰҚК адамдары қамқорлық жасап келген. Ал қаңтар оқиғасына әзірлік 2021 жылы жазда басталған. Ол бес жыл бойы Қазақстандағы қылмыс әлеміндегі оқиғаларға жауапты болып, оған ҰҚК-де істейтін кураторлар көмектескен, - деп жазады автор.

 Бұған дейін "Дикий Арманның" Қазақстанда іздеуге болғанына байланысты оны жеке ұшақпен әкелген деген дерек бар. Қаңтар оқиғасы туралы кітапта оның елімізге қай уақытта келгені туралы егжей-тегжейлі айтылды.

Ол ҰҚК қызметкерінен нұсқау алып, Алматыға 17 желтоқсан күні келген. Ешкімге білдірмей, өзге ҰҚТ қатысушыларымен кездескен. 5 қаңтарда ҰҚК өкілі Р.Ысқақов А.Жұмагелдиевке адам жинап, алаңға баруды тапсырады. Арман ол жақта мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенмен кездесіп, жақтастарының әрекетін ұйымдастыра бастайды. Алматыда Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобынан зардап шеккен жәбірленушілер мен куәгерлер табылды. Сонымен бірге, аталған топ Алматы көшелерінде жүрген азаматтарды ұстап алып, күш көрсетіп, оларды «Қазақстан» қонақүйінің ғимаратында орналасқан «BallRoom» мейрамханасының залында және «Esentai Tower» бизнес орталығының автотұрағында ұстағандығы белгілі болды, - дейді автор.

 Оқиға кезінде оның қолына түскен адамдардың бірі өмірімен қош айтысқан. Оның Алматыда арнайы штабы жұмыс істеп, арнайы жоспар бойынша әрекет етеді. Тіпті, бірнеше адамды қинап, бейнежазба арқылы іздеуде жүрген Мұхтар Әблязовтың саяси қозғалысына «мүше» екендіктерін күштеп мойындатқан.

Ұсталған азаматтардың бірі қайтыс болды. Қаңтар оқиғасы кезінде А.Жұмагелдиевтің қылмыстық өкілдерінің «штаб-пәтері» «Қазақстан» қонақүйінде болғаны бұрын белгілі болғанымен, оның «Esentai Tower» бизнес орталығын қылмысты басқару орны ретінде пайдаланғаны кейін ғана анықталды. Тергеу дерегінше, ол адамдарды камераға түсіріп, есірткі тұтынғанын, мародерлік жасап, шетелге қашып кеткен олигарх Мұхтар Әблязов құрған Қазақстанда тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» саяси қозғалысының мүшесіміз деп айтуға мәжбүрлеген. Артында Р.Ысқақовтың нұсқауы бойынша ұсталғандарды ҰҚК-не тапсырған. Арманға сондай-ақ, ауруханаға шабуыл жасады, полицейді соққыға жықты, «ҚДТ мүшесін» өлтірді деген айып тағылып отыр. Бұл әрекеттерді Руслан Ысқақовтың бұйрығы бойынша істеген-істемегені белгісіз» делінген іс материалында, - деп жазады Ж.Құлекеев. 

Арман Жұмагелдиев пен оның жақтастары Алматыда болған бүлік кезінде бейбіт тұрғындарды аяусыз ұрса керек. Алматыдағы бүлік кезінде мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген «Дикий Арманмен» бірге адам жинауды ұйымдастырған. Кейін ол арнайы прокурорлардың басшылығымен жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға және оған қатысуға күдікті ретінде ұсталған.

Қайрат Құдайберген Арман Жұмагелдиевпен бірге «Қазақстан» қонақүйінде адамдарды жинаған. Оларды А.Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға шақырды. Сондай-ақ, жиналғандарды 10 адамнан тұратын топ бойынша бөлген. Олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштардың таңуға нұсқау берілді, - деп жазылған автордың кітабында.

"Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес" кітабында белгілі адвокат Абзал Құспанның пікірі беріліп, онда қаңтар оқиғасын ұйымдастыруға Назарбаевтар отбасы мүшелерінің қатысы бар екенін ашық айтылады. Арман Жұмагелдиевтің Қайрат Сатыбалдымен қандай байланысы бары да осы еңбекте толық қамтылған.

Отбасы мүшелері, оның ішінде қамауға алынған Қайрат Сатыбалды - ең негізгі тұлға. «Центровой фигура» дейді ғой. Оның командасы мықты екенін білеміз. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, «Дикий Арман» бар. Оның ҰҚК-мен байланысы барын қатаң оқиғасына дейін айтқанбыз. Қолдан жасалған «батыр» еді ғой. Осы армия дайын болды, - деп пікірден үзінді берілген.

Жақында ғана қаңтар оқиғасы туралы "Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес" атты деректі кітабы жарыққа шыққан Жақсыбек Құлекеев бір жыл бұрынғы оқиғаға қатысты көптеген деректерді қамтыған. Оның ішінде 2022 жылдың басында Алматыда болған бүліктің артында кімдер тұрды деген сауалға көптеген мысалдар келтіре отырып, жауап беруге тырысқан.  

Автор
Новости партнеров