"Дикий Арман" ісі: Сот отырысы жабық өткізіледі

21 сентября 2023 г. 16:36 / Новости Казахстана

Алматыда Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергенге қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау аяқталып, келесі сот отырыстары жабық өткізілетін болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы сотының баспасөз қызметі:

Сотқа қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында қылмыстық істі қарау жабық форматқа ауыстырылды. Сотталушылардың жалпы саны – 45 адам. Оларға «Билігін немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану» (Қылмыстық кодекстің 362-бабы), ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және оған қатысу (ҚК-нің 262-бабы), қарақшылық шабуыл (ҚК-нің 191-бабы), заңсыз бас бостандығынан айыру (ҚК-нің 126-бабы), 2022 жылғы Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оларға қатысу (ҚК-нің 272-бабы), бандитизм (ҚК-нің 268-бабы) бойынша айыптар тағылды.

Процеске қатысушылардан сотталушыларға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту және жою, қылмыстық істі қайтару және тоқтату, жақын туыстарын қорғаушы ретінде тану туралы жүзден астам өтінішхат түскен. Іс бойынша 10 жәбірленуші, 1 куәгер және 1 сотталушы сот отырысын жабық түрде өткізуді сұрады. Олар өз өмірі, отбасы мен жақындарының қауіпсіздігі үшін қауіптенеді. Бұл өтінішті сот қанағаттандырды.

Басты сот отырысы 6 қазанға белгіленді.

Автор
Новости партнеров