Депутаттар қатары толықты: Шиповских сенатор, Құл-Мұхамед, Мұсабаев, Жұмағұловтың өкілеті тоқтатылды

24 января 2023 г. 22:48 / Новости Казахстана

Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары тағайындалды. Сонымен бірге, бірнеше сенатордың өкілетті тоқтатылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгін мемлекет басшысының Жарғығымен Парламент Сенатының депутаты болып Жақып Асанов, Мәулен Әшімбаев, Нұртөре Жүсіп, Ләззат Қалтаева, Асқар Оразалыұлы тағайындалды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына, "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарының қатары Евгений Больгерт, Закиржан Кузиев,Нурия Ниязова, Алишер Сатвалдиев, Геннадий Шиповскихпен толықты

Бұған дейін Парламенттің жоғары палатасында депутат болған сенаторлар Мемлекет басшысының Жарлығымен өкілеттілігі тоқтатылды.  Олардың қатарында Владимир Волков, Бақытжан Жұмағұлов, Қайрат Қожамжаров, Мұхтар Құл-Мұхаммед,Талғат Мұсабаев, Дана Нұржігітова, Қанатбек Сафинов, Ләззат Сүлеймен,Серікбай Трұмов сынды тұлғалар бар.  

Автор
Новости партнеров