Бұрынғы сайлау ұрлық болса, осы жолғысы тонау болды - Экс-депутат
Ақжолдық экс-депутат Берік Дүйсенбинов биылғы Парламен Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауының мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Мәжіліске өткендерге депутаттық мандат үлестірген болатын. Жаңадан сайланған депутатармен қатар өтпей қалған жақтастары да төбе көрсетті.
Сайлау әділ өткен жоқ. Бұрынғы сайлау ұрлық болса, осы жолғы сайлау тонау болды, - деді ол.
Сондай-ақ не себепті тізімге енбей қалғанын партия ішіндегі мәміле шешім деп түсіндірді.
"Ақ жол" партиясының атынан 6 орын алдық. Аймақтарда 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан азаматтар бар. Соларға орнымызды бердік, онда тұрған ешнәрсе жоқ. Ары қарай да партия жұмысын жандандырамыз, - деді ол.
Ақжолдық экс-депутат бұған дейін Arbat.media-ға арнайы сұхбат беріп, әріптесі болған Азамат Әбілдаевтың Ресейді қолдаған пікіріне қатысты ой білдірген еді.