Бұрынғы КСРО елдерінің ешқандай егемендігі жоқ - Қытай елшісі
Қытайдың Франциядағы елшісі Лю Шэй бұрынғы кеңестік елдердің тәуелсіздігіне қатысты шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arbat.media.
Ол қазірі ТМД елдерінің егемендігіне күмән келтіріп, пікір білдірді. Францияның LCI телеарнасының эфирінде оғаш пікір айтқан дипломаттың сөзінше, КСРО ыдырағаннан кейін құрылған мемлекеттердің егемендігі жоқ.
КСРО ыдырағаннан кейін қайта құрылған мемлекеттер жаһандық құқықта тиімді мәртебеге ие емес. Өйткені олардың мәртебесін егеменді елдер ретінде нақтылайтын халықаралық келісім жоқ,- деді Қытай елшісі сұхбат барысында.
Әңгіме барысында қытайлық дипломат 2014 жылы Ресей иеленіп алған Қырым түбегі бастапқыда кімге тиесілі болғанын атады. Алайда Кеңес Одағының тұсында «Хрущев оны Украинаға берді» деп санайтынын айтып өтті.
Шулы пікірден кейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қытайдың Франциядағы елшісі Лю Шэйдің еліміздің егемендігіне қайшы келетін сөзіне қатысты ешқандай түсініктеме бермеді.