Бурабайда екі ресейлік азамат құтқарушылардың арқасында аман қалды

5 июля 2023 г. 22:43 / Новости Казахстана

Бурабайда Екатеринбургтен келген туристер қайғылы жағдайға ұшырай жаздап, құтқарушылардың арқасында аман қалды, деп хабарлайды Arbat.media. 

Ресейден келген әке мен бала Бурабай көліндегі SUP-тақтасын аударылып, су батып кете жаздады. Дер кезінде жеткен көмекті арқасында туристерді жергілікті құтқарушылар құтқарып жағаға алып шықты.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оларды құтқарушылар байқап қалған. 

Көпшілік үшін Бурабай ауданындағы ауа-райы өте құбылмалы болып келеді. Кеше табиғат тағы да өзінің құбылмалылығын көрсетіп, кенеттен көлде дауыл көтерілген болатын. Үлкен толқындардың туындауы салдарынан екі демалушысы бар тақта аударылып кеткен.

Екі туристің құтқару кеудешелері суға батып кетпеуге көмектесті, бірақ жоғары толқындар олардың тақтаға қайта көтерілуіне мүмкіндік бермеді. Он жасар ұлын сумен ары қарай алып кетпеуі үшін әкесі тақтайға жабысып ұстап тұрған. Осы кезде көлді визуалды тексеру кезінде құтқарушылар апатты байқап, көмекке жетіп үлгерді. 

Біз құтқарылғандарды жағаға шығардық. Бала қатты қорқып кетті, біз оған психологиялық көмек көрсеттік және 15 минуттан кейін ол есін жиды. Көмек көрсеткен соң біз тағы да су айдынын айналып өттік. Өмірлеріне қауіп төніп тұрса да, дауыл мен толқынға қарамастан, адамдар катамарандармен жүзуді жалғастырған. Біз төтенше жағдайларды болдырмау үшін барлық демалушыларды жағаға қайтардық, - деді Бурабай құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Андрей Жуков айтты.

Автор
Новости партнеров