Бурабайда ақша бопсалаған қылмыстық топ қолға түсті

14 июня 2023 г. 13:35 / Новости Казахстана

Бурабай курорттық аймағында Ақмола облысының ҰҚҚКБ қызметкерлері бопсалаушылар тобының жолын кесті, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, арнайы операция нәтижесінде Щучинск қаласында Бурабай ауданының аумағында бопсалаумен айналысатын жас жігіттер тобының қылмыстық қызметі тоқтатылған.

Ұзақ мерзімді тексеру жұмыстары барысында бопсалаушылардың жергілікті тұрғындарды, негізінен жастарды мобильді банкинг арқылы ақшалай және тауарлық несие алуға мәжбүрлегендері, ал бас тартқан жағдайда зорлық-зомбылық көрсетіп қорқытқандары анықталды.

Топтың қылмыстық іс-әрекеттерінің дәлелдемелік базасын жинау үшін ҰҚҚКБ қызметкерлері бірқатар арнайы жедел іс-шаралар өткізді. Соның нәтижесінде бопсалау, тонау, алаяқтық жасау және қылмыстық қақтығыстарға қатысу деректері анықталып, ресми түрде құжатталды және қылмыстық істерге тіркелді.

Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері тінту іс-шараларын жүргізіп, қатысушылардың ұялы телефондарын тәркіледі.

4 дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабының 1-бөлігі және 194-бабының 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр. Полиция бөліміне 8 айыпталушы жеткізілді, оның 4 -і уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер ұсталғандардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардың барлығын анықтау бойынша кешенді жедел және тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр, - деп жазылған ІІМ таратқан мәліметте. 

 


Автор
Новости партнеров