Бүгін Маңғыстау облысында мыңнан астам «Сергек» бейнебақылау камералары іске қосылды

1 июля 2023 г. 18:12 / Новости Казахстана

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданына орнатылған «Сергек» зияткерлік бейнебақылау жүйесі бүгіннен бастап іске қосылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ақтау жолдарындағы қауіпсіздікті 638 камера, ал Мұнайлы ауданындағы жол қозғалысын 500 камера бақылайды. Бейнебақылау жүйесіндегі жазбалар 30 күн бойы сақталады.

Маңғыстау облысында 5 ай ішінде 164 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, одан 32 адам қаза тапқан, 185 адам әртүрлі дене жарақатын алды. 5 ай ішінде 80 жол-көлік оқиғасы тек жаяу жүргіншілерде болған. Сол себептен аталған «Сергек» жүйесі Қазақстанның басқа өңірлерінде бар және аталған жүйе сол қалаларда оң әсерін берген. Біздің көлік жүргізушілерінің де жолдағы мәдениетін арттырады деген ойдамын, – деді Маңғыстау облыстық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Сүйін Құрмантаев.

 

 

 

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданына орнатылған «Сергек» зияткерлік бейнебақылау жүйесі бүгіннен бастап іске қосылды, деп хабарлайды  mangystaumedia.kz

Ақтау жолдарындағы қауіпсіздікті 638 камера, ал Мұнайлы ауданындағы жол қозғалысын 500 камера бақылайды. Бейнебақылау жүйесіндегі жазбалар 30 күн бойы сақталады.

 

Маңғыстау облысында 5 ай ішінде 164 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, одан 32 адам қаза тапқан, 185 адам әртүрлі дене жарақатын алды. 5 ай ішінде 80 жол-көлік оқиғасы тек жаяу жүргіншілерде болған. Сол себептен аталған «Сергек» жүйесі Қазақстанның басқа өңірлерінде бар және аталған жүйе сол қалаларда оң әсерін берген. Біздің көлік жүргізушілерінің де жолдағы мәдениетін арттырады деген ойдамын, – деді Маңғыстау облыстық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Сүйін Құрмантаев.

 

Автор
Новости партнеров