БҚО-да тікұшақ апатынан қаза тапқандардың есімі анықталды

24 февраля 2023 г. 15:54 / Новости Казахстана

Батыс Қазақстан облысында Ми-8 АМТ тікұшағының апатқа ұшырап, қайғылы жағдайдан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.media.

Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаның 23 ақпанда күндіз болғанны жазды.

Орал қаласынан 54 шақырым жерде, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Чапурино кентінің ашық аумағында «Атырау-Орал-Атырау» бағыты бойынша ұшқан ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы қонуға мәжбүрлі болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Қатты екпінмен қону нәтижесінде ТЖМ Қазавиақұтқару төрт қызметкері қаза тапты. Бортта 6 адам - 5 экипаж мүшесі және "ҚазТрансОйл" АҚ-ның 1 өкілі болды. Экипаждың екі мүшесі зардап шекті, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілуде, деп жазған болатын ТЖМ баспасөз қызметі

Араға уақыт салып, министрлік ұжымының атынан Батыс Қазақстан облысының аумағында авиациялық оқиға кезінде қаза тапқан марқұмдардың жақындарына көңіл айтты. Тікұшақ апатынан аға бортмеханик-нұсқаушы Сиязбек Андосов, ұшқыш-нұсқаушы Довлетбай Қанатов,жетекші инженер Жәрдем Досқалиев,екінші ұшқыш Владимир Афанасьевтің бақилық болғаны белгілі болды. 

Автор
Новости партнеров