БҚО-да қоқыс жәшігінен табылған шақалақтың анасы анықталды

25 апреля 2023 г. 19:52 / Новости Казахстана

Орал қаласында қоқыс жәшігінен табылған сәбидің анасы белгілі, деп хабарлайды Arbat.media.

Өңірдің полиция департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Нұрғожин күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданғанын мәлімдеді. 

ҚР ҚК 119-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмысына не 120 сағатқа дейiнгі мерзiмге қоғамдық жұмысқа не 45 тәулікке дейін қамаққа алуға жазаланады», - деді Болатбек Нұрғожин.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бнәрестенің жағдайы интоксикация, гипотермия және гипогликемия белгілері бойынша орташа ауыр жағдайында екенін атады. 

Сәбидің салмағы - 2990 грамм, бойы 52 см.  Ішкі ағзалардың ультрадыбыстық зерттеуі бойынша бауыр паренхимасында орташа өзгерістер анықталып отыр. 

 

 
 
Автор
Новости партнеров