Болат Назарбаев "Барыс" автобазарынан айырылуы мүмкін

31 марта 2023 г. 17:35 / Новости Казахстана

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев Алматы облысындағы "Барыс" автобазарынан айырлуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.media «Пятый регион»–ке сілтеме жасап. 

Қарасай ауданының прокуратурасы жалпы ауданы 35 гектардан асатын жер учаскелерін сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тануды талап етіп отыр, - деп жазды басылым. 

Жерлердің мақсаты түбегейлі негізсіз өзгертуге жол берілмейтін ауылшаруашылық жерлерге жататындығы анықталған.

Жерді беру кезінде өрескел заң бұзушылықтар орын алған. Себебі, жерді жалға беру Қарасай ауданы мен Қаскелең қаласының әкімдігімен келісілген. 

Аудан прокуратурасы еліміздің жоғары қадағалау органының өкілі ретінде, азаматтардың мүддесі үшін және заңды қорғау үшін осы жер телімдерін жеке қолға берудің заңсыздығына байланысты, сондай-ақ елдің Азаматтық кодексінің 158 – бабын басшылыққа ала отырып, сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тануды және оларды мемлекет балансына қайтаруды талап етеді, - деп жазылған ақпаратта.

2004 жылдан 2019 жылға дейін жер телімдерін сатып алу-сатудың 7 шарты заңсыз жасалғаны белгілі болды. Қарасай ауданының, Қаскелең қаласының әкімдігі және ауданның жер қатынастары бөлімі мемлекеттік жерлерді әр уақытта берген. 

Бұдан сәл бұрын Болат Назарбаевтың 300 мың гектарға жуық жер телімдері мемлекетке қайтарылды.  

Автор
Новости партнеров