Болат Назарбаев Ақтөбедегі спирт зауына жарты миллиардқа жуық қаржы төлеуге міндеттелді

7 февраля 2023 г. 16:07 / Новости Казахстана

Экс-президенттің туған інісі Болат Назарбаев Ақтөбедегі спирт зауытына сот шешімі арқылы 448 миллион теңге төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Arbat.media.

Өткен жылдың күзінде Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық соты "Ақтөбе өндірістік компаниясы" ЖШС банкротқа ұшыраған басқарушысы Болат Назарбаевтың үстінен берген талап-арызы бойынша шешім шығарды. Бұл туралы Бұл туралы Liter.kz жазды.

Ақтөбедегі компания 2022 жылы банкротқа ұшырағанына қарамастан ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келген. 

Аталған кәсіпорын 2007-2012 жылдар аралығында  "Кеңестік алкоголь индустриясы"(СовАлкоПром) ЖШС деген атаумен этил спиртін өндірген.  2012 жылы компания иелері толығымен ауысты. Осы кезде құрылтайшылар қатарына Болат Назарбаев пен Тахир Гусейнов еніп, компания атауы "BN Aktobe" ЖШС болып өзгерген. Кәсіпорынның атауы енді алкогольге қатысты болмаса да ЖШС этил спиртін өндіруді жалғастыра берген. 

Кәсіпорын атауынан Болат Назарбаевтың қысқартылған аты-жөні алынғанымен, серіктесі Тахир Гусейнов те әлі күнге дейін зауыт иелесі болып қалып отыр. Өткен жылы банкроттық жөніндегі менеджердің Болат Назарбаевқа қарсы шағымы бойынша сот отырысы басталған. 

Сотта белгілі болғандай 2013 жылы зауыттың қожайыны атанған Болат Назарбаев 1,5 миллиард теңгеге несие шартын жасаған. Шағымданушының айтуынша, Назарбаев бұл ақшаны 10 жыл ішінде, пайызсыз несие шартымен компанияға біртіндеп құйып келеді.

Дегенмен бұл қаржы толық өтелгені белгісіз. 2020 жылдың 2 сәуіріндегі жағдай бойынша компанияның Болат Назарбаев алдындағы қарызы 1,2 миллиард теңгені құрады. Оны төлеу үшін серіктестік барлық мүлкін аукцион арқылы сатуға тырысақанымен, сәтсіздікке ұшырайды. Осы ретте Болат Назарбаев компанияның барлық активін 751 миллион теңгеге сатып алады.

Компания 2021 жылы банкротқа ұшырап, банкроттық жөніндегі менеджер Кеңес Дүйсебаев болған. 2022 жылы ол келісімді жарамсыз деп тану үшін Болат Назарбаевты сотқа берген. Алайда сотқа жауапкер де, оның өкілі де келмеген. 

Осының нәтижесінде сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, жалған мәміле белгілерін анықтап, 1,5 миллиард теңге несие шартын жарамсыз деп танып отыр. Кепіл келісімі мен бітімгершілік келісімі де жойылып, Назарбаевтың өзі банкротқа ұшыраған компанияға 448 миллион теңге көлеміндегі тыйым салынған мүлікті қайтаруға міндеттелді. 

Автор
Новости партнеров