Бокстан ұлттық құраманың бұрынғы мүшесі Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды

27 июня 2023 г. 16:07 / Новости Казахстана

Ақтөбе қаласының әкімі болып бокстан ұлттық құраманың мүшесі болған Азамат Бекет тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Боксшы болған Азамат Бекет соңғы жеті жылдан бері басшылық қызметтер атқарған. Ол Нұрлан Ноғаев Атырау облысының әкімі болған тұста өңірдің спорт және дене шынықтыру басқармасына басшы болды. Кейін Жылыой ауданы әкімі болып, екі жыл еңбек еткен. 

Атырау облысына жаңа әкім келген қызметінен кеткен Азамат Бекет 2020-2021 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған. Ал Ақтөбеге әкім болғанша облыстағы Хромтау ауданында әкім болды. 

Бұған дейін Ақтөбе қаласында әкім болған Мұрат Жүребеков таяуда премьер-министрдің кеңесшісі болып бекітілген еді. Ол облыс орталығындағы қала әкімі лауазымызын небәрі 5 ай ғана атқарған. 

Сондай-ақ, оның алдында Ақтөбе қаласын белгілі дзюдошы, Сидней Олимпиадасына қатысушы, әлем чемпиоатының жүлдегері Асхат Шахаров басқарған еді. 
 

Автор
Новости партнеров