Бокстан ұлттық құрама мүшесі допинг дауына ілікті

6 апреля 2023 г. 18:56 / Новости Казахстана

Бокстан Қазақстан Ұлттық құраманың мүшесі Саматәлі Төлтаев тыйым салынған затты пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды arbat.media.

Bassport.kz порталының жазуынша, боксшы допингке қарсы сынама тапсыру кезінде оң нәтиже тіркелген.  Бұл ақпаратты Қазақстан бокс федерациясы да растады.

60 келіде сынға түсіп, ел намысын қорғап жүрген боксшының алғашқы допинг сынамасынан кейін тексеріс жұмыстарын Халықаралық допингке қарсы агенттік (WADA) жүргізіп жатыр. Енді ол екінші сынама тапсыруы тиіс. Алайда оның қашан алынатыны әзірге белгісіз. 

Саматәлі Төлтаев бокстан ересектер арасында өткен жылы Азия біріншілігінде қола жүлдегер атанды. Сонымен бірге, ҚР чемпионатының жеңімпазы. Спортшы жастар арасында да айтулы жетістікке қол жеткізген болатын. Ол жастар құрамасы қатарында Азия біріншілігінің жеңімпазы және әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған. 

Автор
Новости партнеров