Бокстан әлем чемпионатында қазақстандық тоғыз боксшы ширек финалға шықты

22 марта 2023 г. 21:17 / Новости Казахстана

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында ширек финалға шыққан спортшылар саны бойынша Қазақстан құрамасы алғашқы орынға шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

Үндістанда бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатына 65 мемлекеттен 300-ге тарта спортшы қатысып жатыр. Бұл ретте 33 құрама боксшылары ширек финалға шыққан. 

Қазақстан құрамасы боксшыларының тоғызы ширек фианлға жолдама алды. Одан кейін Үндістан мен Қытайдың сегіз боксшысы, Колумбия мен Францияда құрамасынан - бес, Бразилия, Италия және Таиландтың төрт боксшы жартылай финалдық сынға жолдама алу үшін сынға түспек. 

Қазақстан боксшылары арасында Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Надежда Рябец (66 келі), Мәдина Нұршаева (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) ширек финалда бақ сынайды. 

 

Автор
Новости партнеров