Боксшылар жастар арасындағы Азия чемпионатынан 20 медаль иеленді
Бангкокта бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 20 медаль иеленді, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұрымды боксшылар сары құрлық бәсекесінде Азия додасында 2 алтын, 7 қола жүлдеге қол жеткізді. Жалпы есепте, Әйелдер боксынан Өзбекстан боксшылары 5 алтын, 3 күміс, 2 қоламен бірінші орынға тұрақтады. Тайланд құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 1 қоламен екінші орыннан көрінсе, Қазақстанға үшінші орын бұйырды.
Олардың арасында Жасмин Қизатова (70 келі) мен Гүлсая Ержан (81 келі) чемпион атанды
Ал ерлер арасында 13 боксшы сынға түсіп, оның 11-і жүлдегемен оралды. Санжар Тәшкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Махмұд Сабыржан (57 келі) чемпион атанып, әнұранды шырқатты.
Ерлер құрамасы бойынша арасында медальдар кестесінде 11 медаль алған Өзбекстан топ бастады. Бұл көрсеткіш бойынша отандастармыз екінші орыннан көрінді. Ал 3 медаль алған филиппиндіктер үшінші орынды түйіндеді.
Боксшылар үшін биылғы басты бәсеке — Ташкенттегі әлем чемпионаты және Қытайда өтетін жазғы Азия ойындары. Дәл осы жарыстарға Қазақстан бокс федерациясы мен Мәдениет және спорт министрлігі басымдық беріп, құраманың жұмысына жіті назар аударады, - деді ҚР Бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев.