Бірнеше орынбасары сотталған Атырау облысының экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

2 февраля 2023 г. 14:49 / Новости Казахстана

Атырау облысының бұрынғы әкімі Махамбет Досмұхамбетов "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС-нің бас директорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.media.

2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған ол кейін Атырау облысын үш жылға жуық басқарды. Махамбет Досмұхамбетов облыс әкімі болған тұста оның орынбасары болған Нұрлан Таубаев пен Бақытгүл Хаменованы қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Атырауда Абай ескерткішінің орнатуға қатысты мердігердеп пара алды деген күдікке ілінген Бақытгүл Хаменова кейін жеті жылға сотталды. Сондай-ақ, облыстық тілдерді дамыту және мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке де сот 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

2022 жылдың сәуір айында Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысы әкімі лауазымынан босатылған. Тоғыз айға жуық жұмыссыз жүрген экс-әкім ақпан айынан бастап "ҚМГ Инжиниринг" компаниясының басшылық құрамында қызметін жалғастырмақ. 

Автор
Новости партнеров