"Беташар айтуым мүмкін". Ринат Зайытов айлық табысының аз екенін атады
Мәжіліс депутаты болып сайланған Ринат Зайытов Парламенттен алаты айлық еңбекақысының 800 мың теңге атап, ол соманың отбасын асырауға жетпейтінін атады, деп хабарлайды Arbat.media.
Abay Live YouTube арнасына берген сұхбатында депутат алда ақша үшін беташар айтуға дайын екенін атады.
Алатын айлығым 800 мың теңге, оны жасырмаймын. Бұл отбасымды асырауға жетпейді. Үлкен қызым оқуға түсетін болса, тіпті жетпей қалады, - деді Зайытов әңгіме барысында.
Осылай деген мәжілісмен беташарға шығып тұруды көздейтінін жасырмады. Себебі, мұндай әрекетке ешқандай заңмен бекітілмеген соң тыйым да жоқ көрінеді.
Беташар айтуға шектеу қою заңмен бекітілмеген. Біреу 200 теңге, біреу 500 теңге салуы мүмкін, көрімдік қой. Материалдық жағынан көп көмектеседі. Мен оны жұмыс істеу деп емес, шығармашылықпен айналысу деп қабылдаймын. Кейде 70 мың, кейде 200 мың болуы мүмкін. Ол да бұйрығына қарай болады, - деді ол.
Ринат Зайытов айтысу туралы мәселеге де тоқталды. Айтыс арқылы танылған ол алдағы күндері сахнаға шығып, сөз додасына түсуге қарсы емес.
Айтысқа шығуға болады, бірақ дайындыққа уақыт жоқ. Күнде кешке дейін жұмыста. Өзің көп нәрсені білмей келгенсің. Ана заң, мына заң. Парламент регламенті дегенді жаттып итім шығып жүр. Оның қасында тағы 2-3 кітап бар екен. Оның бәрін жатқа білмесең, тағы талап жейді. Арқаны кеңге салғаннан кейін, өзім де қарсы емеспін. Керісінше, депутат ретінде айтысып көргім келеді, - деді депутат.