Беларусь атынан Олимпиада чемпионы атанған қазақ қызы тегін ауыстырды

25 января 2023 г. 16:29 / Новости Казахстана

Қазақ қыздары арасында тұңғыш Қысқы Олимпиада Ойындарының чемпионы атанан Динара Әлімбекова тегін ауыстырды. Беларусь елінің намысын қорғайтын атлет сол елдің спортшысы Антон Смольскийдің тегін алды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстанда туған спортшы Динара Әлімбекова Белорусь спортшысы Антон Смольскийге тұрмысқа шыққан болатын. Осы ретте ол күйеуінің тегін алып отыр. 

Қалай болғанда да мені жанкүйерлері қиналмастан таниды деп ойлаймын, - деді спортшысы тегін ауыстырғаннан кейін. 

Қазақ қыздары арасында тұңғыш Олимпиада чемпионы саналатын Динара Әлімбекова Қарағанды облысының тумасы. Ол 1996 жылы Абай қаласында дүниеге келген. Алайда ол 3 жасқа толғанда ата-анасы Белорусь еліне қоныс аударған. Содан бері сол елде тұратын спортшы 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Қысқы Олимпиада Ойындарында командалық сайыста алтыннан алқа тағынды. Ол Надежда Скардино, Ирина Кривко, Дарья Домрачевалармен бірге эстафета бойынша Олимпиада чемпионы атанған. 

Автор
Новости партнеров