Бекболат Тілеухан әлем чемпионы атанған боксшыларға шапан жапты

19 мая 2023 г. 14:48 / Новости Казахстана

Қаңтар оқиғасынан бірнеше күн бұрын депутаттық мандатын тапсырған Бекбола Тілеухан таяуда Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарған боксшыларға шапан жапты, деп хабарлайды Arbat.media.

Әлеуметтік желіде болған бейнежазбада экс-депутат бокстан әлем чемпиондары Санжар Ташкенбай мен Нұрбек Оралбайға және олардың бапкеріне шапан жауып жатқан сәті байқалады. Сонымен бірге, Айбек Оралбай, ұлттық құраманың бұрынғы мүшесі Абылайхан Жүсіпов те шапан кигендердің қатарында бар. 

Өткен жылдың басында Түркияға кеткен Бекболат Тілеухан былтыр алты жылға сотталған Қайрат Сатыбалдының жақын досы екенін бұған дейінгі сұхбаттарында жиі айтатын. Ол депутаттық мандатын тапсыруының себебін бүкіл әлемдік этно спорт қауымдастығының бірінші вице-президенті болып тағайындалуымен түсіндірген. 

 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Malim.Sport.kz (@malim.sport.kz)

Автор
Новости партнеров