Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері медальдарын ақшаға мұқтаж отбасыға бере салды

11 июля 2023 г. 15:36 / Новости Казахстана

Бейжің Олимпиадасының және әлем чемпионытының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев медальдары мен атақтарын мұқтаж отбасыға сыйлады, деп хабарлайды Arbat.media.

Youtube-тегі «Уақыт көрсетеді» бағадарламасына берген сұхбатында боксшы Еркебұлан Шыналиев журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға бірқатар жайттарды мәлімдеді. Ол шаршы алаңда қол жеткізген медальдарын мұқтаж отбасыға бере салды. Шыналиев осы арқылы қайырымдылық жасағысы және өзін керексіз қылып сыртқа тепкен ел азаматтарына үндеу тастағысы келгенін айтып отыр. 

Мен үшін мұның барлығы сақырлаған темір-терсек. Елімізде осындай мұқтаж отбасылар өте көп. Жәрдем бермейміз. Мына үйде 1-ші топтағы мүгедектігі бар бірнеше адам тұрады. Осы кісілерге қарап көңілім босап отыр. Қаржылай жағдайымыз жоқ болса да, сол арқылы осы отбасыға көмектескім келді. Оны бұрыннан ойластырып жүргенмін. Бұл кісілер ол атақтар мен медальдарды сата ма, төріне іліп қояды ма, өздері біледі, - дейді боксшы Е.Шынәлиев.

Сұхбат кезінде Шыналиев Бейжің Олимпиадасынан кейін өзіне Шымкенттен сыйға берілген екі бөлмелі пәтерге сол күйі қол жеткізе алмағанын атады. Оның айтуынша, сол кездегі облыс және қала әкімдігі спортшының қолына азын-аулақ ақша ұстатып, мәселені жауып тастаған. 

Шымкенттің барлық бұрышында пәтер жалдап тұрған шығармын. 2008 жылы әкімдік маған екі бөлмелі пәтер сыйға берді. Оны бірнеше телеарнадан көрсеткен еді. Бірақ кейіннен мені шақырып алып, қолыма 1,5 млн теңге берді. Ал пәтер сол күйі берілмеді, - деді Еркебұлан Шыналиев сұхбат барысында. 

Еркебұлан Шынәлиев 81 келіде 2008 жылға дейін Ұлттық құрама сапында өнер көрсетті. Ол 2007 жылы Чикагода өткен әлем чемпионатында қола жүлде иеленді. Араға бір жыл салып, Бейжің Олимпиадасына қатысқан боксшы жартылай финалға дейін жетті. Алайда қытайлық боксшымен болған айқаста есеп 4:4 нәтижесімен аяқталып, жеңіс шаршы алаң иесіне бұйырған еді. Кейін спорттағы жолын аяқтаған боксшысы араға ұзақ уақыт салып, Қарағандыда өткен. Ғ.Жарылғаповты еске алуға арналған турнирде күміс жүлдегер атанды. 


Автор
Новости партнеров