Бейбіт Шүменовтің Астанада төбелесінен кейін Қырғыстан СІМ істі бақылауға алды

14 июля 2023 г. 14:03 / Новости Казахстана

Астанада кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтен таяқ жеген азаматқа қатысты істі Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі бақылауға алды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қырғызстанның Кабар агенттігі қазақ боксшысынан зардап шеккен адамның қырғыз азаматы екенін жазды. Осыдан бір ай бұрын Астанадағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде екі адам төбелесіп, оның бірі белгілі қазақ боксшысы екені туралы ақпарат белгілі болған еді. 

2023 жылғы 13 шілдеде жәбірленуші К.А. Қазақстандағы Қырғыз Республикасының Елшілігіне шақырылды. Елші Д.Дюшекеевпен кездесу барысында Қырғызстан азаматына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілді. Бүгінгі таңда осы оқиға бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары барлық қажетті процестік әрекеттерді жүзеге асыруда. Бұл мәселе министрліктің бақылауында, - деп жазылған аталған хабарламада.

Бұған дейін Бейбіи Шүменовтің Астанада төбелескен туралы ақпарат шыққан еді. Кейін қоғам белсендісі оған қатысты ІІМ-нен жаза қолдануды талап етті. Кейін ІІМ мәлімдеме жасап, боксшының бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін атаған еді. 

Автор
Новости партнеров