Батыс Қазақстанда су арнасы түсіп кеткен көлікте екі адам қайтыс болды
Батыс Қазақстан облысында жеңіл көлік Бударин каналына түсіп кетіп, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды arbat.media.
Қайғылы оқиға өңірдегі Ақжайық ауданында болған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты 2 қаңтарда түс кезінде болғанын хабарлады. 61 жастағы жүргізуші қатты тайғанақтан рөлге ие бола алмаған. Нәтижесінде көлік су арнасына түсіп кетіп, қатты соқтығыстан 62 жастағы жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ал көлікте болған тағы екі әйелдің бірі жансақтау бөлімінде көз жұмған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша абайсызда екі немесе одан да көп адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы негізінде сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.