Бас прокуратура: СҚО 18 адам сепаратизм бойынша жауапқа тартылуда

12 апреля 2023 г. 20:31 / Новости Казахстана

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәжіліс қабырғасында СҚО сепаратизм ісі бойынша қазіргі таңда 18 адам жауапқа тартылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Жандос Өмірәлиев олардың іс-әрекеттері сараптамадан кейін ғана бағаланатынын айтты.

Әлеуметтік желідегі "Народный совет трудящихся" ұйымының мәлімдемелерінен кейін ҰҚК-нің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бірден қылмыстық кодекстің 180-бабының 2-бөлігі - "Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, адамдар тобында сепаратизмді насихаттау" бойынша қылмыстық іс қозғады. Олардың тұрғылықты жерінде де, жұмыс орнында да тінту жұмыстары жүргізілді. Тәркіленген видеоға, сондай-ақ, әлеуметтік желідегі сюжетке сәйкес дереу сараптама тағайындалды, - деді ол. 

Сараптаманы Әділет министрлігінің қызметкерлері жүргізуде. Жұмыс нәтижесі шыққан соң, қорытындыға сай әрбіріне нақты айып тағылмақ.

Автор
Новости партнеров