Бас прокуратура: «ӨКМ Операторы» мен Әлия Назарбаеваның байланысына түсініктеме

27 сентября 2023 г. 16:00 / Новости Казахстана

Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев «ӨКМ Операторы»  компаниясы мен Әлия Назарбаеваның байланысы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Әлия Назарбаевға қатысты қылмыстық қудалау немесе іс қозғау туралы менде мәлімет жоқ. «ӨКМ Операторы» (Оператор РОП) бойынша үкім шыққан болатын. Әр қылмыстық қудалауды бастайтын уәкілетті орган бар. «ӨКМ Операторы» бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу жасады», - деді Ә.Шындалиев.

Осы орайда ол егер қылмыс құрамы мен қандай да бір ақпарат болса, қылмыстық қудалау туралы шешімді тиісті мемлекеттік органдар шығаруы керек.

«Бізде Антикор, экономикалық тергеу қызметі, Ішкі істер министрлігі бар. Егер тиісті ақпарат пен дәлел болса, құзырлы органдар шешімін жасайды. Әзірге, бұл тұрғыда менде мәлімет жоқ».

Автор
Новости партнеров