Бапи, Зайытов, Толықбай Астанада жаңаөзендік шерушілердің мәселесін шеше алмады

12 апреля 2023 г. 0:23 / Новости Казахстана

Астанада талап қойып, мұнай компаниясына жұмысқа алуды сұраған жұмысшылармен Мәжілістің үш депутаты арнайы барып кездесті, деп хабарлайды Arbat.media.

Энергетика министрлігінің алдында талаппен тұрған Жаңаөзен қаласының жұмыссыздарымен Мәжіліс депутаттары Ринат Зайытов, Ермұрат Бәпи, Мақсат Толықбай жолыққан. Алайда олар жұмыссыздардың мәселесін шеше алмады. 

Кейін депутаттар кеткеннен кейін күштік құрылым өкілдері арнайы жасақпен келіп сексеннен астам адамдарды шетінен ұстап әкете бастаған. 

Жаңаөзендегі «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесі биыл «Өзенмұнайгаз» АҚ жариялаған тендерді конкурс бойынша иелене алмаған. Осыдан кейін серіктестік жүзден астам жұмысшысын қысқартты. Жұмыссыз қалғандарға жұмыс ұсынғанымен олар  тек«Өзенмұнайгаз» АҚ штатына жұмысқа алуды сұраған.   

Автор
Новости партнеров