Балу туу көрсеткіші бойынша Жапония бір ғасырда болмағаны нәтижеге төмендеді

1 марта 2023 г. 17:07 / Новости Казахстана

Жапон елінде өткен жылы туған балалар саны 800 мыңға азайды, деп хабарлайды Arbat.media.

KYODO NEWS ақпарат агенттігінің жазуынша бұл көрсеткіш 1899 жылдан бері тіркелген ең төмен көрсеткіш болып отыр. 

Елдің денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылытуған нәрестелердің жалпы саны 5,1 пайызға дейін төмендеп , 799 728 адамды көрсеткен.  Осыдан бес жыл бұрын елде бала туу көрсеткіші 2033 жылдан бастап ғана 800 мыңнан төмен түседі деп болжанған болатын. 

Сарапшылар елдегі бала туу көрсеткішінің төмендегенін ұзақ уақытқа созылған COVID-19 пандемиясынан туындаған өмір салтын өзгерту және адамдардың кеш үйлену немесе мүлдем үйленбеуі себеп екенін алға тартуда. 

Бұған жастар арасындағы қаржылық қауіпсіздік және әлеуметтік байланыстың аз болуы да себеп болып отыр, - деді Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінің өкілі.

Жапония премьер-министрі Фумио Кишиданың әкімшілігі елдегі демографиялық жағдайды барынша жақсарту үшін жаңа шаралар қабылдауды көздеп отыр. Жоспар бойынша наурыз айының соңына дейін жаңа жобалар жария болмақ. 

Автор
Новости партнеров