Балқашта полицияға хабарлама берген оқушы мектепте бомба барын мәлімдеді
Балқаш қаласында мектеп оқушысы полицияға террористер туралы хабарлады, деп хабарлайды Arbat.media.
Polisia.kz-тің жазуынша, аталған хабар тексеру барысында жалған болып шықты. Балқаш қаласының полициясына белгісіз адам хабарласып, мектептердің бірінде террористердің жүргендігі туралы айтқан. Оқиға орнына полиция органдарының жедел-тергеу тобы мен өзге де жедел қызметтердің өкілдері бірден барған. Алайда ақпарат расталмады.
ІІМ экстремизмге қарсы күрес департаментінің бірінші басқарма бастығы Алмас Талқанбаев тәртіп сақшылары мектептің сегізінші сынып оқушысын анықтағанын атады.
Ол дене шынықтыру сабағында өзінің сыныптасының телефонын алып, ойын ретінде полицияға террористер туралы көрінеу жалған ақпарат берген. Оқушы ата-анасымен және мектеп қызметкерлерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін баланың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Айта кету керек, мұндай шақыртуларға барлық шұғыл қызметтердің мамандары жұмылдырылады. Мемлекеттік бюджетке үлкен шығын келтіріледі, - деді ІІМ экстремизмге қарсы күрес департаментінің бірінші басқарма бастығы Алмас Талқанбаев.
Мұндай жағдайда ішкі істер органдары жалған шақырту салдарынан келтірілген шығынды өтеу бойынша сотқа арыз берілмек.