Қазақстанға қатысы бар "Азия авто-Бипэк Авто" басшыларының бірі Чехияда ұсталды
Прагада "Азия авто-Бипэк Авто" жетекшілерінің бірі ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің криминалды полиция аса маңызды істер жөніндегі департаменттің аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов мәлімдеді, деп хабарлайды arbat.media.
"Чехия астанасы Прагада Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен ШҚО Қаржы қылмыстары жөніндегі департаменті іздеу салған "Азия авто-Бипэк Авто" жетекшілерінің бірі қолға түсті. Қазір ол қамауға алынды. Алдағы уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіледі, — деді Құдияр Нұрсейітов.
Алайда министрлік өкілі Еуроапада ұсталған азаматтың кім екенін атамады. Алдын ала болжам аталған компанияның басшысы Анатолий Балушкин қамауға алынған болуы мүмкін.
Бұған дейін Анатолий Балушкин ел бюджетінен 174 миллиард теңгеге (412 миллион АҚШ доллары) көлемінде салық жеңілдігін алып, ешқандай өндіріс жасамағаны белгілі болған еді. Қазақстанжағы Forbes журналының тізіміде оның байлығы 153 миллион АҚШ долларына бағаланған.