Әжетханадағы қыздар төбелесі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

1 сентября 2023 г. 10:10 / Новости Казахстана

Өскеменде әжетханада қызды аяусыз ұрып-соққан бойжеткенге қатысты апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Өскеменде сауда орталығының әжетханасында оқушы қыз колледж студентін аямай ұрып-соғып, ШҚО полиция департаменті ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізген болатын.

Күдікті қыздың әкесі антикорда, ал анасы Өскемен білім бөлімінде жұмыс істейтіні туралы ақпарат тарап, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов оқиғаға қатысқан адамдардың антикор қызметкерлерімен еш туыстық байланысы жоқ екенін мәлімдеген еді.

Жәбір көрген қыздың әпкесі сіңлісін ұрғандар қомақты ақша талап еткенін айтқан болатын. Шілде айында бұл іске қатысты сот үкімі шығып, 14 қыз тергеуге алынып, үш қыз айыпталушы деп танылған. Сот шешімімен екі сотталушы 3 жылға бас бостандығынан айырылса, үшінші қыз 1 жылға сотталып, жәбірленуші тарапқа 9 000 000 теңге моральдық өтем төлеуге тиіс болды.

Бірақ айыпталушы тарап апелляциялық сотқа шағым түсірген.

Сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. 

 

 

Новости партнеров