Ажар Гиният қызылша ауруы туралы: "Қатаң шектеу енгізудің реті жоқ"

7 апреля 2023 г. 21:51 / Новости Казахстана

Елімізде балалар арасында қызылша ауруы өршіді. Ажар Гиният мектептерде карантин енгізу қарастырылмағанын айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Министрдің айтуынша аурудың алдын алу үшін қазіргі таңда қызылшаға қарсы вакциналау жүріп жатыр.

Қызылша ауруына қатысты қатаң шектеу енгізудің реті жоқ, – деді ол.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният инфекциялық аурулардың шетелден келгенін айтты.

Қазіргі кезде балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр. Инфекция ауа арқылы тарайтыны белгілі. Ауруды жұқтырудың алғашқы деректері шетелден келгендер мен туристерден анықталды, яғни Түркиядан, Ресейден, Мысырдан келген адамдардан байқалды. Осының салдарынан еліміздегі балалар жұқтыра бастады. Көбіне екпе алмаған балалар ауырды, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет болмаған, - деді Ажар Ғиният.

Автор
Новости партнеров