Ауыз сусыз қалған Астана тұрғындары түн ішінде жолды жапты

23 мая 2023 г. 20:47 / Новости Казахстана

Бүгін Астанадағы Bi City Tokyo тұрғын үйінің тұрғындар ауыз судың тоқтатылуына байланысты көшені жауып тастады, деп хабарлайды Arbat.media.

Тұрғындар қала билігіне үні жетпегендіктен осындай әрекетке амалсыз барып отыр. Елордалықтар соңғы кезде судың зардабын әбден тартып келеді. 

Мalim.kz  жазуынша, тұрғындарының тым көбейіп кетуіне байланысты суды шектеп отырмыз деген әкімдік қазір ескертусіз тоқтатуға көшкен. Жұмыс аптасын титықтап аяқтайтын азаматтар сенбі, жексенбіде көше-көшені кезіп су іздеуге мәжбүр. Дал болып түн ішінде «диуана» атанғандар азаймай тұр. Ол аз болса, алда су берілмейтін күнді болжайтын «көріпкел» болып кетеді екен.   

Нұргүл Аханқызы қаланың Алматы ауданындағы Айнакөл 56/1 тұрғын үйінде тұрады. Оның айтуынша, тұрғын үй кешенінің тұрғындары бір айдан бері   су  тапшылығынан зардап шегіп отыр. 

Бастапқыда тек кешкілік, яғни түнгі 22.00-таңғы 8.00-ге дейін өшіріп жүрген. Оны да еш хабарламай ұзынқұлақтардан естіп сол жағдайға дайын болып жүрдік. Түнде суды қолданбайтынымыз анық. Одан кейін сенбі-жексенбі күндері күндізгі 15.00-ден кешкі 19.00-ге дейін өшіріп тастады. Осы кезде де тұрғындар қатты ашуландық. Өзіңіз ойлаңызшы, сенбі-жесенбі қалай күндіз екі суды да толықтай өшіріп тастайды. Кір жумаймыз ба, жаңа жұмыс аптасына дайындалмаймыз ба, үй жинау, демалыс күні келетін қонақтар бар. Не оны ескертпейді, - дейді ол.     

Шағымданушылар  «Астана су арнасының баспасөз хатшысына қоңырау шалыпты. «Біз суды толығымен өшірмейміз, тек сіздердің үйлеріңіздің су сорғысы  тым ескі деген жауап алдық. Одан дереу ОСИ-ға хабарластық. Ешқандай да ескі емес. Бізде бәрі жаңа. Олар тек бір көшедегі бірнеше үйдің суын өшіріп жүр» деп жауап берген. 

Тұрғындар "бізді әкімдік эксперимент сияқты пайдаланады. «Не сұмдық бұл. Заңды теле-радиорлардан, қағаз жүзінде ескерту жасауы  керек емес пе? Қалада тұрғындар көбейген дейді. Онда жаңа үйлерді салуды доғарсын» деп ашынып отыр. 

Алайда тапшылықтың алдын алмаған әкімдік тұрғындардың жүйкесіне салмақ салып отыр. Қалада емес, шөлде отырғандай күй кешкен тұрғындар енді не істерін білмей дал. Ал «Астана су арнасы» мекемесі  суды сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін пайдалануға шақырып отырған көрінеді.   

 
 

Автор
Новости партнеров