"Қарақат Әбден партиядан кетпейді" - "Ауыл" партиясы депутатқа қатысты петиция туралы

7 апреля 2023 г. 21:06 / Новости Казахстана

"Ауыл" фракциясы депутаттарға жеке пікірін білдіруге тыйым сала алмайтынын мәлімдеді. Ол мәлімдеме әлеуметтік желіде тарап жатқан Қарақат Әбденге қатысты петиция жайында болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Құқық қорғаушы Дина Смайылова депутат Қарақат Әбденді мандатынан айыру керегін айтып, әлеуметтік желіде петиция жариялаған еді. Дина Смайылова депутаттың Қазақстанда шетелдікке тұрмысқа шыққаны үшін салық салу туралы ұсынысына наразылық білдірді.

Дина Таңсәрі, әрине, азамат ретінде кез келген шешім қабылдай алады. Бірақ нақты сұрақтары болса, оған осында келуді немесе кездесуді ұсынамын. Кез келген сұраққа жауап беруге дайынбыз, – деді "Ауыл" фракциясының төрағасы Анас Баққожаев.

Анас Баққожаевтың айтуынша, фракция Қарақат Әбденнің ұсынысын әрі қарай дамытпайды. Себебі бұдан басқа да мәселелер бар дейді ол.

Біз тыйым салмаймыз. Әр депутаттың жеке пікірі бар. Қарақат Әбден бұған дейін, президент сайлауына қатысқанда да бұл туралы айтқан. Фракцияның позициясы бөлек, депутаттың позициясы бөлек. Сондықтан бұл сұрақ фракцияда қаралады, – деп түйіндеді "Ауыл" фракциясының төрағасы Анас Баққожаев.

 

Автор
Новости партнеров