Атырауда бір топ жасөспірім қатарласын ұрып тастады
11 сәуір күні Атырау қаласында бір топ жасөспірім қатарласын аяусыз ұрған видеосы әлеуметтік желіде тараған, деп хабарлайды Arbat.media.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
Атырау қаласындағы колледж жатақханасының жанында 2007 жылғы жасөспірімге дене жарақаты салынған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 2-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті ретінде 2006 және 2007 жылғы жасөспірімдер ұсталды. Олар Атырау қаласындағы №2 полиция бөліміне жеткізілді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Атырау облысы әкімінің орынбасары да бұл жағдайға қатысты мәлімдіме жасады.
Балалардың құқығын шектеу деген мәселе туындамауы керек. Біз бұл мәселеге ерекше назар аударып отырмыз. Қазір облыстық білім басқармасы жанынан арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамындағы психологтер әр баламен жеке әңгімелесіп, тексеру жүргізіп жатыр. Балалардың психологиялық жағдайына баға беріледі. Педагогикалық құрамның тәрбие жұмысына сараптама жасалады. Арнайы комиссияның тексеру қорытындысы туралы кейін хабарлаймыз, - деп мәлім етті Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.
Облыстық білім басқармасы басшысының бұйрығымен тексеру жүргізілуіне байланысты отбасылық үлгідегі «Шаңырақ» балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева жұмысынан шеттетілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram