Атырау облысында жаппай қызылша жұқтырған

8 сентября 2023 г. 22:35 / Новости Казахстана

Атырау облысында 2 наурыздан бері қызылша жұқтырудың 269 дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Атырау облысы санитария-эпидемиялогияны бақылау департаментінің бөлім басшысы Айнагүл Сәрсенғалиеваның мәліметінше, 2 наурыздан 7 қыркүйекке дейін қызылша жұқтыру күдігімен 372 жағдай анықталған.

Мұндай деректің дені Атырау қаласында байқалып отыр. Қала тұрғындарынан 337, Жылыой ауданында 16, Құрманғазыда – 7, Махамбетте – 6, Исатай, Қызылқоға, Индер аудандарында 2 жағдай анықталды. Зертханалық талдау қорытындысымен қызылша жұқтырудың 269 дерегі тіркелді. Қызылша инфекциясының алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз әрі тиімді шарасы – вакцина салдыру. Балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина егу арқылы жүзеге асырылады. Бұл вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан сертификатталған. Вакцинаны Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 12-15 айлық кезде, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста жүргізіледі. Осы кезге дейін 9 649 адам қызылшаға қарсы вакцина салдырды.

Новости партнеров