Атырау облысында мектеп оқушысы суға түсемін деп бақилық болды

30 мая 2023 г. 20:07 / Новости Казахстана

Атырау облысында суға шомылау кезінде 15 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздікті сақтау, ата-аналардың балаларын қараусыз қалдырмау бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізгеніне қарамастан адамдардың жазғы суға түсу маусымында қаза болу оқиғалары азаяр емес.

29 мамыр күні 17:07 сағатта Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау ауылының бойымен өтетін «Шарон»  өзенінің сағасы  «Жіңішке» каналында суға түсуге тыйым салынған жерде балалар суға түсіп, соның бірі 2008 ж.т. жасөспірім тереңдігі 3 метр болатын канал суына шомылу кезінде батып кеткендігі анықталды. су асты іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 19:05 сағатта ТЖД қызметкерлері және ауыл тұрғындарының күшімен мүрдесі судан шығарылды, - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер. 

 

Автор
Новости партнеров