Атырау облысында 417 келі бекіре аулаған тұрғын ұсталды

29 марта 2023 г. 16:52 / Новости Казахстана

Атырау облысында заңсыз ауланған 417 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлайды Arbat.media.

Өңірдің Құрманғазы ауданында жарты тоннаға жуық бекіре балығын аулаған тұрғын ұсталды. 

25 наурыз күні Құрманғазы ауданының ПБ-нің қызметкерлері 1980 ж.т. аудан тұрғынының басқаруындағы Газель автокөлігін тексеру кезінде жалпы салмағы 417 кг құрайтын бекіре тұқымдас балықты тәркіледі. Аталған дерек бойынша Құрманғазы ауданының ПБ ҚК 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Бұған дейін полиция Маңғыстау облысында бекіре тұқымдас балықтың ірі көлемін әкетіп бара жатқан көлік жүргізушісін ұстаған болатын. Тексеру барысында көліктен 120 келіден астам бекіре балығы табылды. 

Автор
Новости партнеров