Асхат Оралов Бейбіт Шүменовтің қоғамдық орында төбелескеніне пікір білдірді

12 июля 2023 г. 19:23 / Новости Казахстана

Бейбіт Шүменовтың қоғамдық орындардың бірінде төбелесуіне байланысты еліміздің мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Министр жағдайды тек бақылауда ұстап отырғанын атап, тиісті тапсырма берілгенін атады. 

Қазір біз жағдайды бақылап отырмыз. Спорт комитетіне тапсырма бердік. Олар осы мәселені егжей-тегжейлі зерттеп жатыр. Себебі әлеуметтік желіде әртүрлі ақпарат бар. Спорт комитеті анық-қанығын біліп алсын, сонан соң сіздерге бұл туралы толыққанды мәлімет беріледі, - деді Асхат Оралов. 

Бұған дейін Астанадағы демалыс орындарының бірінде белгілі кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің қолына бала ұстаған азаматты ұрған бейнежазбасы жария болған еді. Кейін бұған қатысты ішкі істер министрінің орынбасары пікір бірдірген болатын. Сондай-аө, боксшы жағдай туралы айтып, жұбайы екеуі тамаққа тапсырыс бергенде ұлына әлдекімдер тиіскенін мәлімдеді.  Кейін спортшының ұлы өзін өзге біреу ұрып-соққанын айтып, бір бала оны арқасынан ұрып, аяғынан сүйрегенін жеткізген. Осыдан кейін жанжал туындап, соны төбелеске ұласқан. 

Автор
Новости партнеров