"Astex.kz және Mudarabah Capital қаржы пирамидасы туралы жарнаманы "Асыл арна көрсетті" - жәбірленуші

13 января 2023 г. 16:17 / Новости Казахстана

Astex.kz және Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты істе жәбірленуші әйел жарнаманы ең алғаш рет "Асыл арна" телеарнасынан көргенін мәлімдеді. Бұған дейін ол блогер Мейіржан Төребаевтың жарнамасына сеніп, ақшасын салғанын мәлімдеген еді, деп хабарлайды Аrbat.media.

Astex.kz және Mudarabah Capital қаржы пирамидасымен байланысты сот отырысы жалғасып жатыр. Аталған істе айыпты ретінде елімізге белгілі блогерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов кінәлі деп танылған. 

 Бұл іс бойынша жәбірленушінің бірі Алма Бердібаева қаржы пирамидасы саналатын Mudarabah Capital-дың жарнамасын ең бірінші "Асыл арна" телеарнасынан байқаған. 

«Асыл арна» телеарнасынандағы бағдарламаны тікелей эфирден көрдім. Ол жерде Руслан Бұрқанов (Mudarabah Capital ЖШС директоры, сотталушы) пен Тимур Рүстемов (сотталушы) осы компания туралы айтқан еді. Содан кейін біз күмәнданбастан ақша салдық. Ақша салардан бұрын үйімізді сатқан едік, соның 10 миллион теңгесін осыға салдық. Ол жерде («Асыл арна» телеарнасындағы бағдарламада) барлығы адал әрі ашық екенін, ақша халал жолмен келетінін айтты. Ақша медицина мен білім беру саласына салынатынын айтты. Табыстың бір бөлігі мұқтаж жандарға беріледі деп түсіндім. Ал қалған табыстың бір бөлігі бізге, бір бөлігі ұйымдастырушыларға беріледі, - дейді қаржы пирамидасынан шығынға батқан Алма Бердібаева.

Жәбірленушінің айтуынша, жарнама жасалған бағдарламада Бұрқанов пен Рүстемов Mudarabah Capital-ды басқа да компаниямен жұмыс істейтіндерін атаған. 

Екі жылға келісімшартқа отырдық. Компанияның кеңсесіне бардым. Директорды көрген жоқпын, менеджер күтіп алды. Руслан Бұрқановпен жүзбе-жүз сөйлескен емеспін, ақша берілетін уақыт кешіккен кезде тек телефон арқылы сөйлестік. Күтуді өтініп, жақында төленетінін айтты. Mudarabah Capital-ға телеарнадан көріп келгенімді, вайнерлерге кінә тақпайтынымды айттым», - дейді әйел.

Қаржылық ұйымға қисапсыз мол қаражат салған Алма Бердібаева 10 миллион теңгенің 1,5 миллион теңгесін екі бөліп алған көрінеді.

9 қаңтарында Алматыда блогер Мейіржан Төребаев пен Mudarabah Capital компаниясына қатысы бар деген күдікпен ұсталған бірнеше адамға қатысты сот тергеуі басталған болатын. 

Ал жәбірленуші айтқан жарнама жасаған "Асыл арна" телеарнасы 2007 жылы жұмысын бастап, 2021 жылы атауын Talim TV деп өзгерткен. Оның Мұхамеджан Тазабек басқарған. 

Автор
Новости партнеров