Астанана спортты дамыту дирекциясының басшыларына қатысты тергеу басталды

11 июля 2023 г. 13:35 / Новости Казахстана

Астанадағы «Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы» КММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ҚМА елордалық департаменті тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Тергеу мәліметтері бойынша 2020-2023 жж.аралығында ақша жымқыру шетелде де, республика ішінде де оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсету арқылы жасалған. Іс жүзінде жұмсалған ақшадан айырма түрінде алынған қаражатты КММ басшылығы алып отырған.

Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген шығын көлемі 70 млн теңгені құрады. Сонымен бірге, КММ басшысы оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды. ҚММ бастығына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, - деп жазылған Антикор таратқар ақпаратта.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды.

Автор
Новости партнеров