Астанада заңсыз салынып жатқан 76 құрылыстың жұмысы тоқтады

3 марта 2023 г. 19:49 / Новости Казахстана

Қала аумағында рұқсат құжаттары жоқ 96 нысанның құрылысы жүргізілгені анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Көппәтерлі тұрғын үй кешені нысандарын өз бетінше салу мәселесі жөніндегі жұмыс тобы заңсыз құрылыс салу фактілерін анықтаумен қатар рұқсат құжаттары жоқ құрылыс салушыларға жан-жақты көмек көрсетуді қолға алып отыр. Осылайша, 96 нысанның 20-сы құрылыс жүргізуіне қажетті рұқсат құжаттарын алған. Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың, Қазақстан құрылысшылар одағының және Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығының өкілдері кіреді.

Қазіргі уақытта рұқсат құжаттарынсыз құрылысы жүріп жатқан 76 нысан анықталды. Олардың қатарында: «Mars Project» ЖШС, «Aiz Kurylys» ЖШС, «Русалдинг Line» ЖШС, «Билдинг компани» ЖШС, «Expert Consulting Agency Kazakhstan» ЖШС, «Тауекел Инжиниринг» ЖШС, «Global Millennium» ЖШС, «Handan-Astana» ЖШС, «Oreol-Group» және тағы басқа компаниядар бар. 

Рұқсат құжаттарынсыз құрылыс жүргізетін субъектілердің бәріне жұмысын тоқтату туралы нұсқама беріледі әрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ тиісті жер құқығынсыз құрылысы жүріп жатқан 20 объект (76 нысанның ішінде) бойынша сот органдарына демонтаждау бойынша талап арыздар берілетін болады. Көппәтерлі тұрғын үй кешендері құрылысының жаңа нысандары рұқсат құжаттарынсыз жүріп жатқаны анықталар болса, бұл объектілер өз бетінше салынып жатқан құрылыс деп танылып, бұзылатын болады, деп жазды Астана әкімінің баспасөз қызметіндегілер. 

Сонымен қатар, қалада "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР Заңының талаптарын сақтау бойынша бірқатар түйткілді мәселе туындап отыр. 

онымен қатар, қала тұрғындарын ақпараттандыру және заңның бұзылуына жол бермеу мақсатында әкімдіктің ресми ресурстарында және БАҚ-та үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың «қара тізімі» жүйелі түрде жарияланып тұрмақ. 

 

Автор
Новости партнеров