Астанада мешіт қызметкерін пышақтаған күдікті қамауға алынды
Астанадағы мешіттердің бірінде пышаққа жығылған азаматтың денсаулық жағдай белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мешіт қызметкерінің қазіргі жағдайы туралы мәлімдеме жасады.
14 наурызда жедел жәрдем бригадасы науқасты №3 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізді. Пациент бірнеше жерден пышақ жарақатын алған, жағдайы ауыр. Науқасқа шұғыл ем жүргізілді. Қазір науқастың жағдайы өте ауыр. Пациентті аман алып қалу мақсатында ОАРИТ жағдайында ем жалғасып жатыр, - деді басқарманың баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта науқасқа кең көлемде ем көрсетілуде. Бұдан бөлек полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің оқиға орнында ұсталғанын жеткізді.
Аталған факті бойынша Астана қаласы Полиция департаментінің Сарыарқа аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Айыпты оқиға орнында ұсталды. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда, - деді Астана қалалық ПД баспасөз қызметінің мамандары.
Бұдан өзге деректер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен өзге де деректер жария етілмейді.
Бұған дейін Астана мешіттерінің бірінше шаруашылық қызметкерін әлдекімнің пышақтап кеткені туралы белгілі болған еді. Кейін ол азаматтың бұрын сотталғаны туралы дерек анықталды.