Астанада LRT бағанасына соғылған көлік жүргізушісі қайтыс болды
29 маусымда Астанада 43 жастағы көлік жүргізушісі "Арыс" көпірінің қасындағы LRT бағанасына қатты жылдамдықпен келіп соғылып, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Астана қалалық ПД-нің мәліметі бойынша, өліммен аяқталған жол апаты бүгін таңғы сағат 6:04 шамасында болған. Белгілі болған ақпаратта жүргізушінің көлікті басқара алмай бағанаға соғылғаны айтылған.
29 маусымда саған 6:04 шамасында Chevrolet Malibu көлігінің жүргізушісі Сығанақ көшесіндегі Ш.Қалдаяков көшесіне жақын тұсындағы "Арыс" көпірінің маңында көлігін басқара алмай бетон бағанаға барып соғылған, - деді департаменттің баспасөз қызметі.
Көлік жүргізушісі ер адам оқиға орнында алған жарақатынан бірден қайтыс болған. Қазір аталған дерекке қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.