Астанада күн сайын балабақша кезегіне 90-100 өтініш түседі

26 апреля 2023 г. 21:02 / Новости Казахстана

Астанада күн сайын балабақша кезегіне 90-100 ата-ана өтініш беріп, кезекке тұрады, деп хабарлайды Arbat.media

Астана қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев балабақшаға кезекке тұратындардың қарасы күн сайын өсіп жатқанын атады. 

Елордада мектепке дейінгі 507 ұйымда 67 730 бала тәрбие алады. Статистика бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдайда 6 жасқа дейінгі балалардың табиғи өсімі 23 448 және көші-қон есебі бойынша 3 115 балаға жетті. Қазір 23 746 елордалық бала балабақша кезегіне тізілген. Халық санының өсуіне байланысты балабақшаға сұраныс жыл сайын артып келеді. Күн сайын балабақша кезегіне 90-100 өтініш беріліп, кезекке тұрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша балалардың 80 пайызы балабақшамен қамтылды, - деді Қасымхан Сенғазиев. 

Оның сөзінше, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту бағытындағы жұмыс әлі де атқарылуы тиіс. 

Биыл қаңтар мен сәуір айы аралығында 200 жекеменшік балабақшаға 8 957 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. Жылдың екінші жартысында қалған 870 орынға конкурс жарияланып, мемлекеттік тапсырыс орындалады», - дейді Қ.Сенғазиев. 

Автор
Новости партнеров