Астанада Әзірбайжан президенті көзінше егілген ағаштар неге қазып алынды? - әкімдіктің өкілі жауап берді

14 апреля 2023 г. 16:33 / Новости Казахстана

Астана қаласында Әзірбайжан президентінің көзінше егілген ағаштар неге қазып алынғаны туралы әкімдік өкілі жауап берді, деп хабарлайды Arbat.media.

Есіл ауданы әкімінің орынбасарының айтуынша бұл іс-шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға және келген жұртшылық үшін жайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті. 

Әзербайжан Республикасы президентінің ресми сапары аясында Гейдар Әлиев көшесі салтанатты түрде ашылған болатын. Бұқар жырау көшесінің Гейдар Әлиев көшесімен қиылысқан тұсында бес шырша отырғызылды. Кейін агрономдар бізге бұл шыршаларды қылқан жапырақты ағаштардың өсуіне әлдеқайда қолайлы орынға – Ботаникалық бақтағы Әзербайжан президенті өз қолымен еккен ағаштан 100 метр жерге ауыстырылды. Ал олардың орнына жөке мен арша егілді. Өйткені жөке магистральдік жолдың бойында жақсы өседі және эстетикалық көрініске сән қосады, - деп түсіндірді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы.

Автор
Новости партнеров