Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты сот басталды

17 апреля 2023 г. 15:48 / Новости Казахстана

Астанада Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қозғалған іс бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды Arbat.media 

Байқоңыр аудандық №2 сотында Арыстанбек Мұхамедиұлы отырысқа онлайн түрде қатысып отыр. Оған елордада қардың қалың түсуіне байланысты күдікті сот ғимаратына жеткізілмеген. 

Сәуір айының басында бюджет қаражатын талан-таражға салу бойынша айыпталған тағылған А. Мұхамедиұлына қатысты іс сотқа жолданған еді. 

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі лауазымын атқарған Арыстанбек Мұхамедиұлы 2019 жылы ұлттық музей директоры болып тағайындалған. Былтыр мамыр айының соңында сот шешімімен ол қамауға алынған болатын. 

 Оған «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау деректері бойынша айып тағылды. 

 

Автор
Новости партнеров