Астана әкімі LRT құрылысының қашан аяқталатынын айтты

12 декабря 2022 г. 19:16 / Новости Казахстана

Астанада LRT құрылысы алдағы 2-3 жылда аяқталады. Алайда оның барлығына тікелей қаржыландыруға байланысты болмақ, деп хабарлайды arbat.media.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Астананың "су жаңа" әкімі Жеңіс Қасымбек талай жылдан бері қала көшелерінде құрылысы аяқталмай тұрған LRT туралы айтты.

"Астанада мәселелер көп. Нақты мына мәселеден бастаймын деп айта алмаймын. Кеше ғана үлескерлердің жайы қозғалды. Одан бөлек тұрғынүй, коммуналдық шаруашылық, LRT мәселелер бар. Осылар басты мәселенің бірі. Алдағы 2-3 жылда LRT қаржыландыруға байланысты аяқталады", - деді Жеңіс Қасымбек.

Таяуда ғана Қарағанды облысынан Астанаға әкім болып ауысқан Жеңіс Қасымбек қаланы газдандыру туралы да айтты. Оның сөзінше, қазір аталған мәселе жеке секторда жүргізіліп жатыр.

Жеңіс Қасымбек 2019 жылдың күзінен бері Қарағанды облысын басқарған. Оған дейін Премьер-министрдің орынбасары, Инвестициялар және даму министрі лауазымын атқарды. Оның әкесі Махмұд Қасымбек ҚР президенті кеңсесін отыз жылға жуық басқарған. 

Автор
Новости партнеров