Арыстанбек Мұхамедұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

21 декабря 2022 г. 20:31 / Новости Казахстана

Мамыр айында ұсталған бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхмедиұлының қамаудағы мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды arbat.media.

Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музейдің басшылығына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

2022 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты, - деді Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Министрлік қызметтен кейін музей басшылығына тағайындалған Арыстанбек Мұхамедиұлы мамыр айында "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізуге қатысты Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Ол қамаларынан бұрын өзіне қарсы қаралау шаралары жүріп жатқанын айтып, президенттен араша сұраған болатын. Қамауға алынғаннан кейін оның өз-өзіне қол салмақ болғаны әрекеті мәлім болды.

Кейін Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов арыз жазғанын ресми мәлімдеген.  

Автор
Новости партнеров