Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен соттағы қорғаушысы пара беру дерегі бойынша күдікке ілінді

3 июля 2023 г. 18:01 / Новости Казахстана

Экс-мәдениет және спорт министрінің адвокаты пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.media.

Антикоррупциялық қызмет тергеп жатқан қылмыстық істерді жедел сүйемелдеу аясында сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметке араласуға бағытталған аса ауыр жемқорлық қылмыстар жасалынғаны туралы деректі анықтағанын мәлімдеді. 

Мәселен, жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша пара беруге оқталған ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі А.Мұхамедиұлының жұбайы әшкереленген. Cондай-ақ аталғандардың мүдделерін қорғауды жүзеге асырған адвокат алаяқтық пен пара беруге итермелеу күдігімен ұсталып отыр.

А.Мұхамедиұлының қылмыстық жазасын жеңілдету және қамаудан босату сылтауымен қорғалушының жұбайынан сот органдарының лауазымды адамдарына беру үшін пара ретінде 460 000 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат алған. Тергеу амалдары барысында 255 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражат анықталып, тәркіленді. Қалған соманы ол өз қалауы бойынша жұмсағаны анықталды, - деп жазылған Антикор таратқан ақпаратта. 

Бұған дейін Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен А. Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қазіргі уақытта экс-министрдің өкілі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, Мұхамедиұлының жұбайы аса ірі көлемде пара беруге оқталуы бойынша күдікті болып танылды.
 

Автор
Новости партнеров