Арыстанбек Мұхамедиұлы 60 жасын түрмеде қарсы алды

14 февраля 2023 г. 3:34 / Новости Казахстана

Қамауда отырған мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ақпан айында 60 жасқа толды, деп хабарлайды Arbat.media.

2019 жылдан Ұлттық музейді басқарған ол "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген болатын.  

Өткен жылдың мамыр айында қамауға алынған экс-министр бұған дейін өзін өлтіруге оқталғаны белгілі болды. Алайда оған қатысты қозғалған іс тоқтатылған жоқ. Ол 2014-2019 жылдар аралығында Мәдениет және спорт министрлігін басқарған тұста сын садағына жиі ілінетін. 

Ол кейін музейді басқарған тұста өзіне тиесілі жылжылмайтын мүліктер мен бизнесі туралы сұрақтарға жауап берген. Ол Астана және Алматы қалаларындағы көптеген сауда орталықтары мен қонақүйлер, колледж тиесілі екенін растаған. 

Тергеуге байланысты қамаудағы мерзімі үнемі ұзартылып келе жатқан шенеунік өзінің 60 жылдық мерейтойын уақытша қамау изоляторында қарсы алды. Соңғы рет сот оны қамауда ұстау мерзімін өткен жылдың желтоқсан айының соңында ұзартқан еді. 

Автор
Новости партнеров